22 Turkestan PPB 1 Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері әрдайым үлкен ғимараттардың өрт қауіпсіздігін бірінші орынға қояды, себебі ондай ғимараттарда халық көп жүреді.
Адам көп шоғырланатын ғимараттың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Мәдениет үйі» МКҚК 40 қызметкеріне, ШЖҚ №3 Облыстық перинаталық орталық МКК 110 қызметкеріне және Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының 20 қызметкеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
22 Turkestan PPB 2 Іс-шара барысында келуші халықтың өрт қауіпсіздігімен таныстыру қажеттігін және эвакуциялық жолдарға кедергі заттарын қоймауы керек екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар алда келе жатқан жылыту маусымына байланысты өрт қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын түсіндіріп, жылыту жүйелерін дайындыққа келтіру қажеттілігі туралы айтып, өрт оқиғасы орын алған жағдайда алғашқы өрт сөндіру құралын пайдалану ережелері мен түсіндірілді.
22 Turkestan PPB 3 Сондай-ақ газбен улану фактілерін алдын алу мақсатында «Иісті газдан улануды алдын алу» «Адам көп шоғырланатын орындағы қауіпсіздік», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздік» тақырыптары бойынша арнайы әзірленген үгіт материалдары таратылды.
«Кіре берістегі есіктің құлпы кілтпен жақсы ашылып-жабылып, дұрыс жұмыс істеуі, есіктің өзінен-өзі жабылып қалмауы тиіс», - деп айтып өтті басқарма бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Р. Ордабек.
 
Түркістан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы