Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жариялауымен 2019 жылғы 3 шілде мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы Төтенше жағдайлар департаментінде де ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты - аз қамтылған, көп балалы жəне тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде жəне əлеуметтік себептермен балалардың мектепке бармауының алдын алу бойынша əлеуметтік қолдау көрсету болып табылады.
Осы акцияға Ақтөбе облысының Төтенше жағдай департаменті де өз үлесін қосты. Көмекке мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке керекті киімдермен және оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті.
 
Ақтөбе облысының ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы