20 4imkent Forum 1 «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесіне орай Шымкент қаласында бір қатар қызықты және танымды іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Солардың бірі қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен үшінші мегаполисімізде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тіл жанашырлары форумы өтті.
20 4imkent Forum 2 Орталық басшысы Нурила Жуманованың ұйымдастырушылық қабілеті мен ол басқарып келе жатқан ұжымның ауызбіршілігі арқасында форумға қатысушылар керемет бір мерекенің куәсі болды. Салтанатты іс-шараға Өрт сөндіру қызметінің №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Роман Письменский де қатысып, қазақ тілі оның өміріндегі маңызды жетістіктерге қол жеткізгендігін айтып берді.
20 4imkent Forum 3 Алқалы жиынға қатысушыларды Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов арнайы құттықтап, бірқатар азаматқа Алғыс хатын табыс етті. Нағыз тіл жанашыры ретінде Роман Письменскийді үлкен марапатпен құттықтап, қазақ тілін қолдану аясын кеңейтуге өз үлесін әрі қарай да қосады деп сенеміз.
 
Шымкент қ. ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы