17 PVLDR u4eniya 1 "Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ жеке құрамы кезекті рет өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Бұл жолы оқу-жаттығу "Каустик"АҚ объектісінде өтті. Оқу-жаттығудың мақсаты: авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру бойынша объектілік өрт сөндіру штабының іс-әрекетін жетілдіру, "Өрт сөндіруші" АҚ филиалы, "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бөлімшелерінің өзара іс-қимылын пысықтау, аварияға қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің техникалық жай-күйі мен жедел дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығудың тактикалық ойы бойынша сағат 10:00-де зауыт оператор-диспетчерінен сифонның деформациялық фланецті қосылысын орнату нәтижесінде цистернадан толық тартылған төсемнен сұйық хлор ағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бұдан әрі диспетчер апат туралы объектінің басшылығы мен медициналық қызметін, "Каустик" АҚ цехтарының барлық жұмысшылары мен қызметшілерін дыбыстық сиренаны пайдалана отырып хабардар етеді.
Сұйық хлордың ағуы солтүстік бағытта жүреді, апат орнында 1 зардап шегуші-цех жұмысшысы бар. 25 минутта № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1 АЦ және № 4 өрт сөндіру бөлімі 1 АЦ келеді. Кезекші өрт сөндіру қызметі келген соң 2-өрт сөндіру жетекшісінен баяндама қабылдайды және келесі міндеттерді береді: цех бойынша штаб бастығы мен бас инженер келген күштер мен құралдарды орналастыруды қамтамасыз ету, байланыс ұйымдастыру, учаскелер арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, өрт техникасы мен жеке құрамның қажетті санын есептеу. 1-МӨСБ бастығының орынбасары және хлор құю бөлімшесінің бастығы су көздеріне өрт техникасын орналастыруды ұйымдастыру, резерв пен қорғау костюмдерін құру, ГТҚҚ жұмыс істейтін буындарын есепке алу.
80 минутта апат толығымен жойылды. "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Оқу жаттығу барысында қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.
Оқу-жаттығу жетекшісі талдау жүргізіп, оларды жою жөнінде тапсырмалар берді.
 
"Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ