25 Turkestan 1 2019 жылдың 16 қыркүйек күні «Өрт қауіпсіздігі», «Адам көп шоғырланатын орындардағы өрт қауіпсіздігі» тақырыптары негізінде түсіндіру мен талдау мақсатында Түркістан қаласының әкімі аппараты мәжіліс залында жиналыс өткізілді. Жиналыста Түркістан қаласының әкімі төрағалық етті. Жиынға Түркістан облысы ТЖ департаменті қызметкерлері және қаланың әр түрлі саладағы (қонақ үйлер, мейрамханалар, сауда үйлері) кәсіпкерлері қатысты.
25 Turkestan 2 Іс-шара барысында ТЖ департаменті Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бақытжан Запаров баяндама жасады. Өз баяндамасында қонақ үйлердегі, мейрамханалардағы және сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздік қағидаларын, ғимараттарға қойылатын өрт қауіпсіздік талаптарын, өрт орын алған кездегі алғашқы іс-әрекеттерді айтып өтті.
Аталған іс-шараға «24Хабар» телеарнасы қатысып, басқарма бастығы Б.Запаров сұхбат берді.
 
Түркістан облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы