24 Aqmola Rukopashka 1 Көкшетауда «Динамо» спорт кешенінің базасында Ақмола облысы әкімінің кубогы үшін күш құрылымдары арасында қоян-қолтық ұрысынан турнир аяқталды.
Сегіз салмақ дәрежесіндегі мықтыларды анықтау үшін облыстың ТЖД өрт сөндіру бөлімінің, полицияның, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік кірістер бөлімдерінің, Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің және мамандандырылған күзет қызметінің командалары жиналды.
Іс-шараны Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов ашып, жарыс қатысушыларына адал және ымырасыз күрес тіледі.
Спорттық іс-шараның мақсаты ішкі істер органдары қызметкерлерінің жағымды имиджін қалыптастыру және күш құрылымдары мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дене дайындығын арттыру болып табылады.
Жеке есепте 60 кг салмақ дәрежесінде Есіл қаласы 23-ӨСБ өрт сөндірушісі Елубай Азамат 3-ші орынға ие болды, 70 кг-ға дейін 3-орынды Көкшетау қаласының 2-МӨСБ бөлімше командирі Тлеген Темірболатов иеленді. Жалпыкомандалық есепте Өрт сөндіру қызметі үшінші орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы