21 4imkent GBO 1 Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында алдын алу жұмыстары барлық жерде жүргізілуде. Бұл ретте төтеншеліктер бұл жұмысқа креативтік көзқарас танытады. Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері «ТөлебиАвтогаз» ЖШС-ның қызметкерлерімен ерекше үгіт-насихат жұмыстарын өткізді. ТЖ бөлімінің аға инженері Арман Әзімбаев алдымен ұйым қызметкерлерімен жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өртке қарсы тақырыпта плакаттарды таратуға көмек көрсетуді сұрады. 21 4imkent GBO 2 Ұйым қызметкерлері түсіністікпен қабылдап, қала тұрғындарына үгіт-насихат газ баллондарын ұсынуға келісті. Мұндай тәсіл көптеген тұтынушыларды үгіт-насихат жұмыстарымен қамтуға мүмкіндік береді және қала тұрғындарының қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға сөзсіз көмектеседі.
Шымкент қаласы ТЖД Қаратау ауданы ТЖ бөлімі ескертеді – тұрмыстық газдан абай болыңыздар, газ құралдарын қауіпсіз пайдалану бойынша барлық талаптарды орындаңыздар. Газ құралдарын пайдалану кезінде қайғылы жағдайларды болдырмау үшін мамандар келесі ережелер мен ұсынымдарды сақтауға кеңес береді:
21 4imkent GBO 3 - газ баллондары мен газ жабдықтарын тек осы өнімді өткізуге сертификаттары бар мамандандырылған ұйымдарда ғана сатып алған жөн;
- мамандардың газ жабдықтарын міндетті түрде жыл сайын тексеруі;
- газ плитасында газ кранын ашпас бұрын, жанып жатқан сіріңкені жанарғыға апарыңыз. Есіңізде болсын, газ ауамен бірге араласқанда жарылу, өрт қауіпті!
Тұрмыстық газ құралдарына арналған газ баллондарын (жұмыс және қосымша) ғимараттан тыс (жапсарлас құрылыстарда, астынғы және жертөле қабаттарында, шкафтарда немесе баллондардың жоғарғы бөлігін немесе редукторды жабатын қаптамалардың астында) ғимаратқа кіретін есіктерден 5 м жақын емес қашықтықта тұйық жанында орналастыру қажет. Жапсарлас құрылыстар жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс. Газ баллондарына арналған жапсарлас құрылыстар мен шкафтар балалар мен бөгде адамдардың қол жетімдігін болдырмау үшін құлыппен жабылуы және желдетуге арналған пердеше болуы тиіс.
 
Шымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы