28 ZKO Pozhar 1 Өрт сөндірушінің жұмысы қиын және қауіпті, өрт сөндірушілер материалдық және мәдени құндылықтарды қорғай, адамдарды құтқара, азаматтардың бейбіт тыныштығын қамтамасыз ете отырып денсаулықтары мен өмірлеріне сан мәрте қауіп төндіреді.
17 қыркүйек күні сағат 16.49-да Орал қаласы, Верхний тупик 1/1 көшесінде орналасқан «Уральский завод металлоконструкций и цинкования» АҚ-ның бір қабатты өндірістік қараусыз қалған ғимаратында 1970 жылы салынған құрылыста 400 ш.м ағаш торланған шатыр мен терезе жақтауы және 200 ш. м. тұрмыстық қалдықтар жанды. 2015 жылы ғимаратты сот орындаушылары мөрлеп, сауда-саттыққа қойды. Өрт сағат 17.48-де оқшауланып, сағат 18.32-де жойылды. Өрттің себебі анықталуда. Жеке құрамның 65 қызметкері мен 18 бірлік техника, сондай-ақ жедел-тергеу тобының 5 қызметкері мен 2 бірлік техника шықты. Осы өртте қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
28 ZKO Pozhar 2 Құрметті азаматтар! Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сізге түтіндену кезінде келесі жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды ұсынады:
- мүмкіндігінше түтіндеген аумақтан балаларды, қарт адамдарды және жүрек пен тыныс жолдарының созылмалы ауруларынан зардап шегетін азаматтарды әкетіңіз;
- балалар мен жүкті әйелдердің көшеде ұзақ уақыт болуына жол бермеңіз;
- пәтердің немесе кеңсенің терезелерін түнгі және таңғы сағаттарда жабық ұстау (таңертең ауадағы зиянды заттардың концентрациясы әсіресе үлкен);
- ашық терезелер немесе желкөздер дымқыл дәке немесе кез келген басқа жұқа матамен міндетті түрде жабылады;
- мүмкіндігінше қоғамдық және жеке көлікті пайдалануға болмайды;
- дене белсенділігін қысқарту;
- аллергия болмаған жағдайда жану өнімдерінен улануға қарсы поливитаминдер ішу керек;
- қатты түтіндеу кезінде жеке қорғаныс құралдарын (респираторлар, дәке және медициналық маскалар) қолдану қажет. Түтіндегі зиянды бөлшектерден неғұрлым сенімді қорғау үшін маскалар мен таңғыштарды мезгіл-мезгіл суға дымқылдап алу ұсынылады;
- созылмалы аурулармен, жүрек және тыныс алу жолдарының ауруларымен ауыратын адамдарға дәрілік препараттардың мөлшерін қысқартпау керек, көңіл-күйі нашарлаған жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек;
- қысымы жоғары адамдар қысымын күніне кемі 2 реттен өлшеуі қажет; Шұғыл жағдайларда дәрігерлердің көмегіне жүгінген жөн;
- пәтердегі ылғалдылықты барынша арттыру қажет (тұрмыстық ылғалдағыштар мен ауа тазартқыштарды, ауа баптағыштарды пайдалану, жиі ылғалды жинау, желдеткіштердің алдына су, мұз қою);
- ауаның қатты түтіндеуі кезінде табиғи маталардан жеңіл киім киіп, жиі салқын душ қабылдып, жүйелі түрде тамақты шайып, мұрынды жуу керек;
- темекі шегуден, алкогольдік ішімдіктерді ішуден бас тарту ұсынылады;
- тыныс алу жолдарына әсер ету салдарларының алдын алу ретінде бассейнге бару, тыныс алу гимнастикасын жасау пайдалы;
- қатты әлсіздік, ұйқысыздық, түтін кезінде жөтел пайда болғанда дәрігерге тез арада бару керек.
 
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы