27 Atyrau priem TC 1 2019 жылдың 12-13 қыркүйек аралығында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен Азаматтық қорғау құрылымдарының, объектілердің іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес, екінші күні РХБ постын жаю, аса қауіпті жұқпалы індет оқиғасы орын алған жағдайда емдеу-профилактикалық мекемесін эпидемияға қарсы кезеңге ауыстыру, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын дайындыққа келтіру, эвакуациялық жинау пунктерін (ЭЖП) және эвакуациялық қабылдау пунктінің (ЭКП) жұмысын көрсету, жеке қорғану құралдарын тарату бекетін жайып көрсету, уландырғыш заттармен бактериялық сынаптарды алу және анықтау, көп қабатты ғимаратта өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу іс-шаралары өткізілді.
Сонымен қатар, Кентау қаласы Хантағы ауылында орналасқан «Кентау-сервис» КММ – де апат орын алғанда немесе басқада төтенше жағдайлар орын алған жағдайда жұмысшылар мен қызметкерлердің және жақын аумақты тұратын халықтың нақты іс-әрекеті, су тасу қауіпі бар учаскелерде алдын алу іс-шаралары (арнаны тазалау, дамбы көтеру т.б.) практикалық түрде көрсетілді.
 
Түркістан облысы ТЖД