26 Aqtobe Sorevn 1 Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының жауынгерлік дайындығы мен кәсіби шеберлігін және өрт сөндірушілердің практикалық дағдыларын арттыру мақсатында Ақтөбе қаласының №2 МӨСБ, Ақтөбе қаласындағы Көкшетау техникалық институтының оқыту орталығы және № 30 мектеп аумағында «Үздік өрт сөндіруші» және «Үздік бөлімше командирі», «Үздік газ түтінінен қорғау қызметінің буыны», «Үздік газ түтінінен қорғаушы», «Үздік қауіпсіздік бекетінің күзетшісі» байқаулары өтті.
Үздік өрт сөндіруші мен бөлім командирін анықтау конкурсы екі кезеңде өтті. Іс-шара бағдарламасы өрт-құтқару және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырудан құралды.
26 Aqtobe Sorevn 2 Бірінші кезеңде өрт сөндірушілер шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтерілді, белгіленген уақыт ішінде өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдері мен жабдықтары бойынша киюден сынға түсті, құтқарушыға байлай отырып қос құтқару ілмегін тоқудан жарысты.
Екінші кезеңде турникке тартылып, 100м және 1000м қашықтықты бағындырды.
«Үздік өрт сөндіруші» байқауының жеңімпазы болып Байғанин ауданындағы №11-ӨСБ өрт сөндірушісі Т. Кесіков танылды. 2-ші орынды Хромтау ауданындағы №20-ӨСБ өрт сөндірушісі С. Муратов, 3-ші орынды Ақтөбе қ. №2 МӨСБ өрт сөндірушісі Д. Савбетов иеленді.
2-МӨСБ бөлімше командирі Қ. Досказин "Үздік бөлімше командирі" байқауының жеңімпазы болды. 2-ші орынды 5-ӨСБ бөлімше командирі Е.Айткулов, 3-ші орынды Мұғалжар ауданындағы 8-ӨСБ бөлімше командирі С.Өтеміс иеленді.
«Үздік газ түтінінен қорғау қызметінің буыны» сайысына Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдерінен 16 команда, 64 газтүтінінен қорғаушы қатысты.
Сайыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық 1-ші орынды Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Хромтау ауданындағы №20 ӨСБ, 2-ші орынды Ақтөбе қаласы №3 ӨСБ, 3-ші орынды Мұғалжар ауданындағы №8 ӨСБ иеленді.
Сонымен қатар «Үздік қауіпсіздік бекетінің күзетшісі» болып Ақтөбе қаласы №2 МӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Н.Табай және Үздік газ түтінінен қорғаушы болып №3 ӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Б.Өтеген анықталды.
 
Ақтөбе облысының ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы