22 Karaganda Latinica 1 17 қыркүйекте Қарағанды облысында жалпы облыстық диктант өтті. Дәл сағат 11-де қатысушылар латын әліпбиіне диктант жазуға кірісті.
Аталған іс-шараның мақсаты жаңа қазақ әліпбиін дәріптеу және латын графикасы негізінде жазудың практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, жалпы облыстық диктант екінші жыл бойы өткізіліп келеді. ТЖ департаментінің қызметкерлері диктант жазуға белсенді қатысты. Облыс бойынша ТЖД 2000 астам қызметкері қатысты. Диктант тақырыбы диктант: «Бәсекелестікке қабілеттілік».
22 Karaganda Latinica 2 ТЖД қызметкерлерінің латын графикасына деген қызығушылығы зор. Әрбір қатысушы жазылғаннан кейін мәтінді өзі тексеріп, өзіне баға берді. Латын графикасының алфавиті және тексеру бойынша нұсқаулықтар барлығына берілді. Диктанттың қорытындысы бойынша қызметкерлер жаңа кестеге дағдылану жөнінде пікір алмасты.
Жас қызметкерлерге әлдеқайда жеңіл болды, олардың латын графикасына үйренуі қалыптасқан. Ал ересек ұрпақтың жазу дағдысы-уақыт еншісінде.
 
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі