19 Karaganda 1 Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында «Ең үздік қарауыл» сайысы өткізілді. Іс-шара жеке құрамның кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталды.
Бірінші кезең Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелерінде өткізілді. Жеңімпаздар қорытынды кезеңге қатысып, «Ең үздік қарауыл» атағына сайысты.
Облыстық сайыста өрт сөндіру бөлімшелерінен барлығы 29 жауынгер қатысты.
19 Karaganda 2 Командалар «Құтқарушы ілмекті ғимараттың құрылысына байлау», «Оқу мұнарасының үшінші қабатындағы терезеден жылжымалы сатыны орнату және оған міну», «Дабыл бойынша шығу және жиналу», «Автоцистернада екі оқпанды беріп, қанат жаю», «Құтқарушы ілмекті байлап, жәбірленушіге кигізу» сияқты нормативтерді орындап, өз шеберліктерін көрсетті.
Жауынгерлер жақсы дайындық пен кәсіби дағдыларын көрсетті.
Жігерлі әрі қызықты тартыста Қарағанды қаласы №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы «2019 жылғы ең үздік қарауыл» атағына ие болды.
Екінші орын Қарағанды қаласының №6 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамына берілді.
Үшінші орын Қарағанды қаласы №3 МӨСБ қарауылының жеке құрамы иеленді.
Сонымен қатар төрешілер облыс бойынша үздік көрінген № 9, 6, 3, 18, 11, 12, 19, 4, 13, 5 өрт сөндіру бөлімшелерінің қарауылдарының жақсы дайындығын атап өтті.
Гарнизонда сайыстар жыл сайын өтетіндігін атап өтеміз. 2018 жылы №2 (11-ӨСБ) мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауылы үздік саналды.
 
Қарағанды облысының ТЖД
Өрт сөндіру және аариялық құтқару қызметі