20 Mangystau vakans 1 Ақтау қаласының 31 шағын ауданындағы «Мағаш» әмбебап базары аумағында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері бос лауазымдарды толықтыру және ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына колледж, мектеп түлектерін жинақтау мақсатында жәрмеңке өткізді. Жәрмеңкеде азаматтық қорғау органдарына қызметіне орналасу және Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқу бөліміне түсу бойынша талаптары мен шарттары түсіндірілді.
Бос орындар жәрмеңкесі барысында Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» қызметкерлері азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу ерекшеліктері туралы, Мемлекеттік қызметке тестілеу тапсыру, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеру тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Облыстың өрт сөндіру бөлімшелеріндегі бос орындар туралы мәлімет берілді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ Комитеті Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқу факультетіне түсу тәртібі туралы айтты. Жәрмеңкені өткізу кезінде түлектер ұйымға ұсынатын бос орындар тізімімен танысып қана қоймай, сонымен қатар сауалнама толтырып, түйіндеме бере алады және бастапқы сұхбаттасудан өтеді. Жәрмеңке қорытындысы бойынша түлектердің көпшілігі азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу туралы қызығушылық танытты. Барлық қойылған сұрақтарға бағыттар бойынша толық жауаптар берілді.
Мұндай бос орындары жәрмеңкелері жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, көмек көрсету мақсатында жеке кеңес беру және Маңғыстау облысы аумағындағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсыну жолымен өткізіледі.
 
Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы