22 Jambyl konkurs 1 2017 жылғы 8 қазанында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру мекемесінің №1 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Жамбыл облысы өртке қарсы қызмет гарнизонының өрт сөндіру бөлімшелерінің газтүтіннен қорғау қызметі буындарының арасында «Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буыны» (одан әрі -ГТҚҚ) облыстық байқау-конкурсы өткізілді. Байқауда 10 команда сайысқа түсті.
22 Jambyl konkurs 2 Байқау-конкурс газтүтіннен қорғау қызметін жетілдіру, жеке құрамды газтүтіннен қорғау қызметінің жедел-қызметтік міндеттерін сәтті орындауды қамтамасыз ететін епті және тиімді іс-әрекетке оқыту мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ, газтүтіннен қорғаушылардың функционалдық дайындығын жоғарылату және «Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буының» анықтау болып табылады.
Жарыс барысында өрт сөндірушілер өз кәсіби біліктіліктерін көрсетті. Байқауға өрт сөндірушілердің күнделікті өмірінде қолданылатын жаттығу түрлері енгізілді:
- «Жауынгерлік тексеріс»;
22 Jambyl konkurs 3 - «20 метр қашықтық», буынның әр мүшесімен ауырлықты тасу (салмағы 20 кг бір кір тастан);
- «Эстакада», ГТҚҚ буыны белгіленген жолақпен жүріп өту;
- «Конструкцияға құтқару арқанын бекітіп байлау»;
- «Түтін камера», «жарақаттанғанды» (маникен) іздеу арқылы барлау жүргізу және оны таза ауаға алып шығу;
Оқу маұнарасының 4-қабатына сатымен көтерілу;
- «Жауынгерлік қанат жаю».
Барлық қатысушылар қойылған тапсырмаларды, алайда жарыстың жеңімпазыдары болуы шарт. «Үздік газтүтіннен қорғау қызметінің буыны» атағына өткізілген облыстық байқау-конкурстың жеңімпазы тыныс органдарын жеке қорғау құралдарының типіне қарамастан, айып уақытының есебімен, кезеңдерді өту барысында ең аз жұмсалған уақыт бойынша анықталады.
Байқау-конкурс қорытындысы бойынша бірінші орынды Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді, екінші орын – Меркі ауданы, Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімі, үшінші орын – Т.Рысқұлов ауданы №10 Өрт сөндіру бөлімі иеленді.
 
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру мекемесінің
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы