21 Aqtobe ReiD 1 Жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт пен табиғи және улы газбен улану оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында, Ақтөбе қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері 2019 жылғы 5-6 қазанда тұрғын секторда 650 - ден астам үй мен 2 300 азаматты қамти отырып, 4600 ескерту сипатындағы жадынамаларды тарата отырып рейдтер өткізді.
Ақтөбе қаласы ТЖ Басқармасы көзбен шолып тексеру барысында 40 бұзушылық анықталды, оның ішінде: электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын пайдалануға байланысты 25 және 15 басқа да бұзушылықтар.
Рейд жүргізу барысында үй иелеріне электр желілерін пайдалануға байланысты бұзушылықтардың қаншалықты қауіпті екенін, статистиканы, сондай-ақ тұншықтырғыш және табиғи газбен уланудың алдын алу бойынша қауіпсіздік шараларын келтірді.
Өрттер мен улы және табиғи газбен улану оқиғаларының негізгі себептері туралы қайталап шаршамаймыз - бұл жылыту пештерін пайдалану ережелерін бұзу, ақаулы газ құралдары мен қолдан жасалған электрлі жылыту құралдарын пайдалану, сонымен қатар отпен абайсыз болу.
Ақтөбе қаласының ТЖБ жылыту мауысымы кезеңінде қарапайым қауіпсіздік ережелерді кезекті рет еске салады:
- бұзылған электр құралдарды қолданбаңыз;
- оқшаулануы бұзылған электрсымдарды қолданбаңыз;
- бір уақытта желіге екі және одан да көп электр құралдарды (шамдар, плиталар, үтіктер және т.б.) қосуға болмайды;
- газ және су құбырларында, жылыту жүйесінің батареяларында сымдарды бекітіп қоюға болмайды;
- есік табалдырығынан, кілемдер астынан ұзартқыштың кабелдерін салуға болмайды.
 
Ақтөбе қаласының ТЖБ