20 Mang bezop detei 1 Маңғыстау облысының ТЖД қызметкерлері «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының еріктілерімен және БАҚ бірлесе қыметкерлерінің қатысуымен сауда орталығының кинотеатырында аз қамтылған отбасылардың балалары мен Ақтау қаласының «Балалар үйі» тәрбиеленушілеріне өрт кезіндегі іс-әрекет бойынша практикалық машықтану және нұсқаулық өткізді. Оқыту эвакуациясын бастар алдында мамандар мекеме қызметкерлері мен оның тәрбиеленушілеріне оқыту бейне ролигін көрсетумен өрт туындаған жағдайда қалай өзін дұрыс ұстау керектігі туралы ескертті.
20 Mang bezop detei 2 Шартты оқиға туралы сигнал берілді. Балалар мұғалімдердің алып жүруімен эвакуациялана бастады. Тәрбиешілер мен жетекшілердің міндеті әбігерсіз және үрейсіз балаларды жинап және жақын маңдағы эвакуациялық шығу есігі арқылы көшеге балаларды алып шығу болды.
20 Mang bezop detei 3 Жаттығу аяқталған соң қызметшілердің іс-әрекетіне талдау өтті. Атап өтілгендей, балалардың барлығы көшеге эвакуацияланды.
Орталық қызметкерлеріне өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, өртке қарсы қызметтің телефон нөмірлерін жатқа білудің, өрт сөндіретін құралдарды пайдалана білуді, өрт шыға қалған уақытта адамдарды шығарудың дұрыс жолын білуді ескертіп айтты.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары кездесу аяқталған соң объектінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға қатысушылар арасында өрт кезіндегі мінез-құлық қағидалары бойынша жаднама таратты.
 
Маңғыстау облысы ТЖД
Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы