29 Aqmola KTi Көкшетау техникалық институты азаматтық қорғау органдары үшін жоғары білімі бар білікті офицерлерді дайындайтын жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады. Ақмола облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ Көкшетау техникалық институтының курсанттары қатарына жастарды тарту бойынша үгіт-насихат, кәсіби бағдар беру жұмыстарына ерекше көңіл бөледі.
2019 жылы 10 қазанда Ақмола облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жарқын Қуандықұлы Шаяхимов Көкшетау техникалық институтының ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Жандос Қуандықұлы Макишевпен бірге Қазақстан - Көкшетау телеарнасында "Көкше Нұры" ақпараттық - танымдық телебағдарламасында тікелей эфирде сөз сөйледі. Тікелей эфирде телеарна көрермендеріне Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу шарттары мен тәртібі жеткізілді.
Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында көрермендерге азаматтық қорғау органдарына қызметке түсу ережелері туралы ақпарат, негізгі талаптар, конкурс өткізу ережелері және Қызметке кіру кезінде тағылымдамадан өту туралы ақпарат жеткізілді.
Телеарна көрермендері мен журналистері институтқа оқуға түсу және оқуға түсу ережелері бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
 
Ақмола облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ
Кадр саясаты бөлімі