27 Kyzyl Orda Pozh 1 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасында өмір қауіпсіздігі мәдениетін арттыру, өрт қауіпсіздігін насихаттау, оқушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, құтқарушы мамандықтарын насихаттау мақсатында «Жас құтқарушы-2019» сайысы өткізілді.
Әділқазы құрамы Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры З.Қалжанов, орынбасары азаматтық қорғау капитаны Н.Ақбалаев және Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны А.Сыдықов: осындай сайыстар жасөпірімдер үшін қызықты өтетінін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жоғарыдағы аталған сайысқа 5 топ қатысты. Жарыс 5 сайыстан тұрды. Жеңімпаз топты анықтау әділқазы мүшелеріне қиынға түсті. Өйткені барлық командалар сайысқа білдіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірумен қатар жүргізілетін осындай белсенді қатысып, бір-біріне дес бермеді! Талдау соңында барлық 5 команда сайыстың жүлдегерлері атанды. Сайыстың жеңімпаздары мен қатысушылары Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры З.Қалжановтың қолынан медальдар мен грамоталар алды.
Жарыс соңында төрешілер сайысқа қатысқан командаларға ризашылықтарын сайыстар, талқылаулар, кездесулер өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін маңызды екендігін айтты.
 
Қызылорда облысы ТЖД