26 Atyrau u4enie 1 2019 жылғы 10 қазанда «Өрт сөндіруші» АҚ Атырау обысы филиалының №16 ӨСАҚБ, Атырау облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ №1 МӨСБ, №3-ӨСБ, №4-ӨСБ күш пен құралдарын тарту арқылы «АМӨЗ» ЖШС мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау (МӨжәнеТ) нысан аумағында хош иісті көмірсутектерді тиеу сөресіндегі шартты өртті өшіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығудың мақсаты: техникалық қызмет көрсететін персоналдардың өрт туындаған кездегі іс-әрекетін АЖЖ бойынша әзірлеу, бірінші ӨСБ сыртқы белгілер бойынша жағдайды бағалау, шешуші бағыттарды анықтау, өрт сөндіру штабын құру және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша барлау жүргізу, нысандарындағы өртті жою кезінде өрт сөндіру қызметінің, нысан персоналдарының және басқа де қызметтердің өзара іс қимылын өрт кезінде күштер мен құралдарды басқару болды.
Оқу жаттығуға барлығы 19 бірлік арнайы және қосалқы техникалар және жеке құрамнан 80 адам жұмылдырылды.
Тактикалық ойластыру бойынша теміржол цистерналарындағы мұнайды хош иісті көмірсутектеті теміржол сөресіне құю кезінде, бекітілген арматура тығыздалмау нәтижесінде 70 м2 көлемд бензол төгіліп, нәтижесінде жануға ұласады. Ысып тұрғай мұнай өнімі жан жаққа таралады. Көршілес тұрған вагонцистерналарға қауіп төнеді.
Өрт тактикалық жаттығу барысында атқарылған іс – шаралар:
өрт тактикалық жаттығу барысы пысықталып, сыртқы белгілер бойынша жағдайды бағалау, шешуші бағыттарды анықтау, өрт сөндіру штабын құру және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша барлау жүргізілді.
Жаттығудың тәжірибелік бөлімінің соңында, нысанның әкімшілігімен бірге егжей-тегжейлі талдау жүргізілді. Орын алған кемшіліктер көрсетіліп, және өртті сөндіру бойынша өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының іс әрекетін алға қарай жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Оқу-жаттығуға қатысқан барлық қатысушылар берілген тапсырманы орындай алды, мақсат орындалды.
 
«Өрт сөндіруші» АҚ Атырау облысы филиалы
№4 ӨСАҚБ нұсқаушысы
Фаруза Кайроллина