25 1 Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Е. С. Өтегеновтің төрағалығымен ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы 2019 жылғы 15 мамырда бекіткен 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үй секторында өрттің алдын алу іс-шараларын жүргізу жоспарын орындау және өрт қауіпсіздігі айлығы шеңберінде жұмысты күшейту бойынша жұмыс кеңесі өтті.
25 2 Кеңес барысында жылыту маусымына дайындық кезіндегі проблемалық мәселелер, үгіт-профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігі, халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі қаралды.
Тыңдау қорытындысы бойынша қалалық және аудандық бөлімшелерге 2019-2020 ж. ж. жылыту кезеңіне дайындық бойынша тапсырмалар беріліп, міндеттер қойылды.
Департамент бастығы аталған тапсырмалар орындалмаған жағдайда жауапты қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралатынын айтты.
 
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту
және азаматтық қорғау саласындағы
бақылау басқармасы