19 Aqmola yarmarka 1 2019 жылғы 10 қазанда Ақмола облысының жастар ресурстық орталығында жұмыссыз жастарға арналған «бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге мемлекеттік мекемелер, жеке кәсіпорындар, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдары және өңірдің басқа да мекемелері қатысты.
Аталмыш іс-шараға Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жарқын Шаяхимов шақырылды.
19 Aqmola yarmarka 2 Кездесу барысында кадр саясаты бөлімінің бастығы студенттерге Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК КТИ күндізгі оқу факультетіне түсу және азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу тәртібі, Мемлекеттік қызметке тестілеу тапсыру туралы, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеру тәртібі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Облыстың өрт сөндіру бөлімшелерінде (фельдшер, жүргізуші, өрт сөндіруші, байланыс шебері, радиотелефоншы) бос орындар туралы мәлімет берді. Барлық түлектер құтқарушылар қатарына қабылдану мүмкіндігіне ие.
Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру - жас мамандар үшін ғана емес, жұмыс берушілер үшін де маңызды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер қажетті мамандарды таңдай алады, ал жұмыс іздеуші азаматтар мамандық бойынша жұмысқа орналаса алады. Бос жұмыс орындарының негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету болып табылады, жұмыссыз жастарға ерекше көңіл бөлінеді.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша түлектердің көпшілігі азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу туралы қызығушылық танытты. Бағыттар бойынша сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.
Сонымен қатар арнайы техника мен қазіргі заманғы авариялық-құтқару құралдары көрсетілді.
 
Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы