18 Shymkent den 1 Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында Шымкент қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінде қалалық мектептердің 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді.
Жас қонақтарды бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А. Алтынбеков күтіп алды. Экскурсия барысында ол балаларға құтқарушылардың жұмысы туралы айтып берді, өрт сөнддіру-құтқару техникаларын, өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін және өрт сөндіру бөлімінің барлық бұрышын көрсетті.
18 Shymkent den 2 Оқушыларды әсіресе өрт сөндіру машинасы қатты қызықтырды. Өрт сөндіру машинасы бұл – жай көлік емес, бұл өрттерді сөндіруге, ең басты – адамдардың өмірін және табиғат нысандарын сақтауға арналған «қазына қоймасы». Оқушылар оларды толық көлемде кәсіби терминологиямен таныстырып, автокөліктегі әрбір заттың қолданылуы туралы айтып берген өрт сөндірушілерді мұқият тыңдады. Балалар өрт сөндірушілердің арсеналында міндетті түрде өрт сөндіргіш, шартылдақ, диэлектірлік боты, қолғап және басқалар болу керектігін білді. Балалар қызыға отырып түтікқұбырды жайды, өрт сөндіру автокөлігінде селфи жасады. Экскурсияны есте қалдыру үшін өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша оқушылардың арасында жарыс ұйымдастырылды.
Бұл кездесуде тек мәлімет беру сипаты емес, балаларға бұл мамандықтың маңызы туралы ой салды. Осылайша олар ТЖ қызметкерлерінің мамандығына қызыға бастады, себебі олар жақында өз таңдауларын жасайды, мүмкін олардың бірі адам өмірінің құтқарушысы атануды қалайды.
 
Шымкент қ.ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы