14 4imkent otoplen 1 Шымкент қаласында 15 қазаннан бастап «Жылыту» маусымдық профилактикалық операциясы өткізілуде, оның шеңберінде тұрғын үй қорын, елді мекендерді, қазандықтарды және өзге де жылу шығаратын қондырғыларды, пештер мен жылыту құрылғыларын жылыту маусымына дайындық кезеңінде дайындауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылады.
14 4imkent otoplen 2 Осыған орай, Абай ауданы ТЖ бөлімінің инспекторлары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлерімен бірлесіп, Абай ауданы аумағында орналасқан жеке сектор үйлеріне барды. Қызметкерлер үй иелерімен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізді, газ жабдықтары, олардың дұрыс орнатылғандығы, қатты жылыту пештерін тексерді.
Сондай-ақ «Жылыту» алдын алу операциясы барысында инспекторлар пеш және электрлік жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға себеп болатын өрттердің алдын алу үшін тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 
Шымкент қ.ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы