12 Atyrau Risunki 1 «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекенің қарсаңында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қазан айының басында бастаған, қызметкерлер балалары арасында «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар балалардың көзқарасымен» тақырыбы бойынша балалар суреттер конкурсын корытындылады.
Осы конкурстың мақсаты – бұл өскелең ұрпақта ТЖ қызметкерлер үшін абырой сезімін тәрбиелеу, балаларда өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды құрметтеуді тәрбиелеу, және де шығармашылық қабілеттерін ашу болып табылады.
Конкурста 5-тен 12-ге дейінгі жастағы балалар қатысты, 5-8 жастағы және 9-12 жастағы категорияларда.
12 Atyrau Risunki 2 Конкурс комиссиясы бағалар критерияларына сәйкес, яғни тақырыпқа сәйкестіктері, жұмыстың ерекшілігіне, суреттер конкурсына берілген суреттердің сараптау бағалауын жүргізді.
Тақырып аясында әрбір балада өзін көрсетуге мүмкіндігі болды. Суреттер толықтай конкурс тақырыбына сайкес келіп, айбынды өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерліктерін, күн сайынғы қызметтерін көрсетті. Женімпаздарды таңдау өте қиынға түсті. Көптеген жұмыстар беріліп, барлық балалар тырысып, әрбір конкурс суреті өздігінен көркем және әдемі. Суреттер әр түрлі техникада жасалған, акварельмен, түсті қарандаштармен немесе фломастерлермен.
12 Atyrau Risunki 3 Комиссия мүшелерінің сөзі бойынша, олар осындай көптеген қызықты жұмыстарды күткен емес. Суреттер бағалау барысында, комиссия мүшелері арасында дау шығып, бірақ та қуанышқа орай, комиссия ойы бойынша ең үздік жұмыстар таңдалынды.
19 қазанда «Құтқарушылар күні» Департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы подполковник Аскат Амангелдіұлы Ержанов жеңімпаздарды құттықтап, грамоталармен сыйлықтарды берді.
Конкурс қорытындысы бойынша 3 – ші орынды Серік Ералы, 2 –ші орынды Мажит Талшынай мен Серік Асемай иеленсе, 1 – ші орынды Шоқан Даниал жеңіп алды.
Осы балалар суреттерінің орындау сапасы, комиссия мүшелерін таң қалдырды. Қорытынды бойынша, жеңімпаздардың грамоталармен және сыйлықтармен марапатталуы болды. Әрбір қатысқан бала көтермелеу сыйлықтармен марапатталды.
Атырау облысы ТЖД барлық конкурс жеңімпаздарымен қатысушыларды құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
 
Атырау облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникация тобы