23 Atyrau RKSHU 1 Ағымдағы жылғы 5-6 қарашада Атырау облысында «Қыс-2019» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында басқару органдарымен, АҚ қызметтерімен, Атырау облысының авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлар қаупі төнгенде және пайда болған кезде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу бойынша бірлескен жаттығу өтті.
23 Atyrau RKSHU 2 Командалық штабтық оқу - жаттығудың мақсаты - азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігінің деңгейін арттыру. Іс жүзінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған кезде күштер мен құралдарды басқару бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарының авариялар мен дүлей зілзалалардың салдарын жою бойынша ұйымдармен өзара іс-қимылын пысықтау.
Сонымен қатар, 4 практикалық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
23 Atyrau RKSHU 3 Бірінші кезең бойынша ағымдағы жылдың 5 қараша күні сағат 09.30-да Атырау облысы Қызылқоға ауданында аудандық шұғыл ден қою жасағының күштері мен құралдарының және құралымдарының әзірлігі байқауы өткізілді. Сапқа тұрғызуға құрамында 69 адам және 26 бірлік техника бар 14 АҚ құрылымдары қатысты.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін алдағы қысқы кезеңге дайындау бойынша іс-шаралардың орындалуы, электр және жылу жүйелерінің жарамдылығы, ТЖ жою үшін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының техникалық жарақтандырылуы, жанар-жағармай материалдарының қоры, энергиямен жабдықтаудың резервтік көздері тексерілді.
Оқу–жаттығудың екінші кезеңі сағат 15.00–де пысықталды, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында қатты аяз және көктайғақ салдарынан туындаған республикалық маңызы бар Атырау-Ақтөбе автожолында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша практикалық іс-шара өткізілді.
Сағыз ауылдық округінде республикалық маңызы бар автожолда Ақтөбе-Атырау бағытында шартты оқу-жаттығу өткізілді. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақ ұйымдастырылды.
Аталған оқу-жаттығуға 50 адам, 2 УАЗ "Жедел жәрдем" автокөлігі, 2 Нива учаскелік полиция автокөлігі, 1 трактор, 1 ПАЗ автобусы, 1 УАЗ автокөлігі қатысты.
Одан әрі, оқу-жаттығудың үшінші кезеңі 6 қарашада сағат 10.00-де, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында «Сағыз» теміржол станциясында Ақтөбе-Атырау темір жолының көп қар басып кетуіне кедергі келтіретін электр желілерінің істен шығуына тартылған күштер мен құралдардың нақты мүмкіндіктері мен саны тексерілді. Нәтижесінде Сағыз ауылының екі жағында да ток көзі болмаған жағдайда осы мекеме 2-3 сағаттан тұрақты генераторлардың көмегімен ток көзімен кезекпен қамтамасыз ете алады.
Оқу-жаттығудың төртінші кезеңі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде (Атырау Жарық, ҚазТрансГазАймақ) қатты аяз салдарынан туындаған авариялық жағдайдың нәтижесінде орталық ауруханада электр және жылу көздері істен шықты, қалыптасқан жағдайдың нәтижесінде жылыту жүйелерін, шұғыл электрмен қоректендіру көздерін қалпына келтіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау және эвакуациялық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру қажеттілігі тәртібі.
Оқу-жаттығуға барлығы 33 бірлік техника және 119 бірлік жеке құрам жұмылдырылды.
Барлық жоспарланған практикалық шаралар жеке құрамның жедел әрекет етуі және кәсібилігі нәтижесінде жоғары деңгейде өтті.
 
Атырау облысының ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникация тобы