28 Aqmola Akcia Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жыл сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына түсу және өрт сөндіру бөлімшелерінің бос лауазымдарын жинақтау бойынша кең ауқымды үгіт-насихат, кәсіби бағдар беру жұмыстарына ерекше көңіл бөледі.
Халықпен өзара іс-қимылды және Көкшетау қаласы тұрғындарының азаматтық қорғау органдарының қызметі туралы хабардар болуын арттыру мақсатында кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Қ.Шаяхимов қалалық өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлерімен, сондай-ақ КТИ курсанттарымен бірлесіп, Орталық базар, Жұмбақтас, Астана, Рубин, РИО сауда үйлерінің жанында базарда адамдар көп жиналатын орындарда, сондай-ақ ТЖ вокзалында буклеттер мен брошюраларды азаматтық қорғау органдарына, сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының курсанттар қатарына тарту бойынша акция өткізді.
Акция барысында азаматтарға азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау тәртібі мен шарттары түсіндірілді, қызмет өткерудің кейбір мәселелері, мемлекеттік қызметке тестілеу тапсыру, сондай-ақ КТИ оқуға түсу туралы айтылды. Негізінен студенттер мен оқушылар өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша қызығушылық танытты.
Бұл акция адамдарды «ӨС және АҚЖҚ» ММ бос жұмыс орындары туралы барынша хабардар етуге мүмкіндік береді. Жалпы 125-тен астам үгіт материалдары таратылды.
 
Ә.Құрманғалиева
Ақмола облысы ТЖД
«ӨС және АҚЖҚ» ММ КСБ инспекторы
азаматтық қорғау аға лейтенанты