28 SKO proverki Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің үнемі дайындығын қамтамасыз ету СҚО ТЖ департаменті басшылығының тұрақты бақылауында. Өрт сөндіру қарауылдарының өрт және ТЖ жоюға дереу шығуға дайындығын бағалау, арнайы техниканың, жабдықтар мен жарақтардың техникалық жарамдылығы, жеке құрамның өз міндеттерін және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі іс-қимылдар алгоритмін білуі – бұл өрт сөндіру бөлімдері мен өрт сөндіру бекеттерін жоспарлы және кенеттен тексеру барысында Департамент бастығы мен оның орынбасарлары пысықталатын мәселелердің толық емес тізімі.
17 SKO proverki 2 Жуырда СҚО ТЖ Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев пен подполковник Ерік Сарыбаев, сондай-ақ «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы Нұрлан Құлбаев Ғ.Мүсірепов, Жамбыл, Тимирязев, Айыртау, Есіл, М:Жұмабаев және Шал ақын аудандарының өрт сөндіру бөлімдерінің дайындығын тексерді. Осындай маңыздыіс-шаралар барысында департаменттің басшылық құрамы қарауылдық ауысымдардың күн тәртібін, киім нысанын, жеке құрамның міндеттерін білуін, өрт сөндіру, құтқару және іздеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылатын техника мен қару-жарақтың дайындығын тексерді. 17 SKO proverki 3 Тексеру барысында бірнеше рет дабыл бойынша жиын жарияланып, киім-кешек қаптарын, техника мен жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру жүргізілді.
Жеке құрамның жұмыс және тұрмыс жағдайларымен танысу мақсатында үй-жайларды аралау жүргізілді, сондай-ақ гарнизондармен кеңес өткізілді, онда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері, полиция қызметкерлері мен азаматтық қорғау органдары арасындағы оқиғалардың шолуы, ҚР ІІМ ТЖ комитеті жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс кезеңдері баяндалды.
Кеңес барысында аталмыш тексерулердің алдағы уақытта да жалғасатындығы бірнеше рет атап өтілді, сондықтан бөлімшелердің жеке құрамына азаматтарды ТЖ-дан қорғау үшін тұрақты жауынгерлік дайындығы болуы қажет.
 
СҚО ТЖД
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы