24 Jambyl EFiR 2019 жылдың 12 қарашасында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар деартаментінің Өрт сөндіру қызметінің Тараз қаласы №4 Өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Амиралиев Жарылқасын мен осы бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны облыстық «Jambyl» телеарнасының «Тangi time» телебағдарламасына тікелей эфирге қатысып, облыстағы өрт сөндіру қызметінің тыныс-тіршілігімен, қазіргі таңда қызметпен атқарылған жұмыстар бойынша әңгімеледі. Сондай-ақ сала мамандары тілшілердің өрт сөндіру қызметіне қатысты қойылған сауалдарына тиісті деңгейде жауап берді.
Өз кезегінде Жарылқасын Амиралиев өрт оқиғасы туындаған жағдайда шұғыл жолға шыққан өрт сөндіру қызметімен кездесетін кедергілері жайлы, яғни қаладағы көлік қозғалысы мен көлік кептелісі немесе тұрғынүйлер арасындағы жөнсіз, ретсіз қойылған бетондардың өрт сөндірушілердің жоғары деңгейде өрт сөндіру жұмыстарымен айналысуына айтарлықтай деңгейде кері әсерін тигізетіндігін тілге тиек етіп, қала тұрғындарынан осындай жөнсіз әрекеттерге бармай, әрдайым өрт оқиғасына аттанған қызыл түсті өрт сөндіру автокөлігін көрген сәттен автокөлік жүргізушілерінің жол беруі қажеттігін ескертті. Ол мұнан бөлек түрлі сипаттағы өрт сөндіру автотехникалары мен авариялық-құтқару жарақтары жайлы тоқталып өтті. Ал өрт сөндіруші болуға ниетті жандар үшін елімізде Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп, арнайы офицер мамандығын алып, өрт сөндіру жұмыстары мен құнды мүліктерді тілсіз жаудан қорғау жолында Отанға қызмет етуге мүмкіндіктері болатындығын айтты.
Ал мұнан әрі Ғазиз Алимкулов,қала тұрғындары мен қонақтарының назарына әрдайым үйден шығарда электр құралдарын ток көзінен суырып, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды естен шығармау қажеттігін, егер өрт немесе қандай да бір төтенше жағдай туындай қалған жағдайда шғыл түрде 101 немесе 112 телефон нөмірлеріне қоғырау шалу қажеттігін ескертті.
Телеарна тілшілері өз кезегінде арнайы уақыт бөліп келген сала мамандарына алғыстарын білдіріп, әрдайым төтенше жағдай орын алмасын деген ниетпен өз тілектерін білдірді.
 
Жамбыл облысы ТЖД
Өрт сөндіру қызметінің
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы