24 Atyrau urok 1 Қауіпсіздік шараларын үйрету шұғыл жағдайларда әрекет етуге, шығынды азайтуға, жарақат алуды және адам өлімін болдырмауды қамтамасыз етеді.
Осы бағытта, Атырау облысының ТЖД Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлері Атырау қаласында ораналасқан М.Әуезов атындағы №7 орта мектебінде қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және мектеп ғимараттындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін ескерту мақсатында, «онлайн» жүйесі арқылы интерактивтік сабақ өткізді.
24 Atyrau urok 2 Қыс мезгілінде балалар су айдынындағы мұз жамылғысының пайда болуын асыға күтеді. Бұл әрине, мұзда коньки, шана және шаңғы тебуге жақсы мүмкіндіктің бірі, алайда бұл кезде мұз үстіндегі қауіпсіздік ержелерін ұмытпаған жөн. Осы тақырыпта ЗҚҚАжАҚСББ аға инженері А. Картимова лекция оқыды. Қызметкер оқушыларға қыс кезеңіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары туралы толықтай айтып беріп, қатты бұрқасын, қар жауу және көктайғақ жағдайында не істеу және де үсуді қалай болдырмау керектігін түсіндіріп берді. Сабақтың тақырыбын толықтай ашу және оқыту барысында оқушылардың неғұрлым жақсы қабылдауы үшін слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді. Басты акцент мұзда өзін қалай ұстау керектігіне және ондағы балалар ойынының қауіптілігіне жасалды.
Әрі қарай, лекцияны ЗҚҚАжАҚСББ бас маманы Т.Сатекенов «Мектеп ғимаратындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында жалғастырды. Жас көрермендерге өрттің негізгі себептері туралы айтып, өрт анықталған кездегі әрекеттер алгоритміне егжей-тегжейлі тоқталды және құтқару қызметінің телефон нөмірлерін еске түсірді. Балардың білімін тексеру бағытында өрт қауіпсіздігі туралы викторина өткізілді.
Шара барысында «Мұздағы өзін-өзі ұстау қағидалары мен қауіпсіздік шаралары» бойынша лекциялар оқылып, слайдтік көрсетілімдер мен «Мұздағы қауіпсіздік шаралары», «Абайлаңыз, жұқа мұз» және «Балалардың мектептен тыс кезіндегі қауіпсіздігі» және «Мектеп ғимаратындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында бейнематериалдар көрсетіліп, аталмыш тақырыпта оқушылар белсендік танытып бірнеше сауалдарын қойды, сұрақтарына толық әрі нақты жауап алып және жадынамалар таратылды.
Интерактивтік сабақтарды өткізудің басты мақсаты, жасөспірімдер арасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын іс-әркеттер және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, сондай-ақ қысылтаяң жағдайда дұрыс шешім қабылдаудағы сауатын жетілдіру.
 
А. Картимова
Атырау облысының ТЖД
Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау
басқармасының аға инженері
азаматтық қорғау майоры