22 Atyrau reidy 1 Атырау қаласының көлемінде 2019 жыл басталғалы 137 өрт тіркелді, оның ішінде 71 өрт – тұрғын үй секторында орын алды. Өрт салдарынан 3 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды.
Статистикаға сүйенсек, өрт пен өрттегі адам өлімінің санының негізгі бөлігі тұрғын үй секторына келеді.
Жылыту маусымы басталысымен Атырау облысы ТЖД қызметкерлері «КазТрансГазАймақ» мекемесімен бірлесіп, әр бейсенбі, сенбі күндері Атырау қаласының ауылдық округтерінде профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Кезекті шара Атырау ауылдық округінің Атырау селосында жүргізілді.
22 Atyrau reidy 2 Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – тұрмыста газ құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын үйрету.
Газ қызметінің жұмысшылары азаматтарға газ құрылғыларын қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті: бөлмені жылыту үшін газ плитасын қолдануға, газ құрылығыларын өз бетімен жөндеуге тыйым салынатынын және газ аспаптары жұмыс жасап тұрған кезде бөлмені желдетіп отыру қажеттілігін жеткізді.
Мұндай шаралар барысында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің негізгі мақсаты – профилактика. Атырау облысының ТЖД қызметкерлері азаматтармен өрт қауіпсіздігі, газды, газ құрылғыларын қолдану кезінде сақтық шаралары жөнінде қосымша нұсқама жүргізіп, жедел қызметтердің телефон нөмірлері мен өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндірді. Барлық тұрғындарға жедел қызметтердің телефон нөмірлері көрсетілген жадынамалар табысталды.
Мамандар қайғылы жағдайдың алдын алу үшін газ плитасымен, қазагдықтармен және су жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде мұқият болуға және газды қолдану ережесін қатаң сақтауға кеңес береді.
Газбен жұмыс жасайтын кез келген құрылғы жүйелі түрде техникалық тексерістен өткізіліп тұруы тиіс. Бұл тек құрылғыға емес, тұрбаларға, жалғанған түйіндерге де қатысты. Плитаны немесе қазандықты міндетті түрде кәсіби мамандар тексеру керек болса, тұрбалар мен жалғамалардың жарамдылығын тұрғынның өзі де бақылай алады. Ол үшін сабын ерітіндісін қолдануға болады, құрылғының беткі жағына, әсіресе қиылысқан жерлері мен бұрыштарына жағасыз. Көпіршіктер пайда болса, тұрбаның бойынан газ кетіп тұрғанының белгісі, лезде газ қызметіне хабарлау қажет.
Тұрғын секторында атқарылған жұмыстар боуы ықтимал өрттің алдын алуға, адамның өртте қаза болуына жол бермеуге бағытталады, өйткені, біз үшін ең қымбаты – адамның өмірі.
 
Э.К. Гумарова
Атырау қаласының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры