24 Kar da Efir 1 Қарағанды облысы ТЖД азаматттық қорғаныс басқармасының басшысы Ризабек Қабылбеков «Новое телевидение» телеарнасынының «Зеленая волна» теле-радиобағдарламасының тікелей эфир көрсетілімінде сұқбат берді. Назарға алынған тақырып құтқару қызметінің қыс маусымына дайындық жұмыстары.
Әңгіме барысын Кабылбеков Ризабек «Кыс» республикалық штабтық-оку-жаттығудың басты әрі маңызды тұстарын айтумен бастады:
24 Kar da Efir 2 «Бұл оқу-жаттығудың мақсаты қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығы мен қабілеті деңгейін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады. Кез келген төтенше жағдайдың құрсауынан шығу кезіндегі іс-қимылдарды жетілдіре оқыту басты назарға алынды».
Сұқбат барысы былтырғы маусымда орын алған төтенше жағдайлар статистикасы, шалғай аудандар мен автокөлік трассаларының дайындық деңгейі туралы сұрақтармен толықты.
Өткен жылдың тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінгі таңда облыс жолдарының 614 қарлы учаскелері күшейтілген бақылауға алынды.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 390 жылыту пункттері (жол жөндеу және жол бойындағы қызмет көрсету нысандары: жанармай бекеттері, лагерьлер, қонақ үйлер, тамақтану орындары және т.б.) ұйымдастырылады.
Тәулік бойғы дайындықта 7 маршруттық медициналық-құтқару пункттері жұмыс істейді.
«Автокөлік жолдарында ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлердегі тұрғындарға да ерекше сақ болуы керек. Қыста ауылдық массивтерде қолайсыз ауа-райында адамдар жоғалып кететін жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан қолайсыз ауа-райына байланысты хабарамаларға бей-жай қарауды қойғандарыңыз жөн. Тұрғындарға «Дармен» мобильді қосымшасын жүктеп алуды тағы бір мәрте еске саламыз, ол ауа-райы нашарлаған және жолдар жабылған кезде хабарлайды», - деп атап өтті Қабылбеков.
 
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі