19 Turkestan Zased 1 18 қараша 2019 жылы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовтің төрағалығымен Облыс әкімдігінің лездемелік мәжілісі өтті. Мәжілісте Түркістан облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Жунусов «2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының өткізілу барысы туралы» баяндама жасап, жылыту маусымы кезіндегі атқарылып жатқан іс-шаралар талқыланды.
19 Turkestan Zased 2 Департамент бастығы Н.Жунусов өз баяндамасында облыстың Төтенше жағдайлар департаментімен жылыту маусымында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың улы газдан уланудың алдын алу мақсатында жазғы маусымнан бері айтарлықтай қарқынды жұмыс атқарылғандығын айтты.
Қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен 52 705 үй араланып, 216 017 адамға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 80 рет (27 ТВ, 36 газет, 17 радио) шығулар ұйымдастырылды, облыс аумағындағы барлық аудан, қалаларда, елді мекендерде тұрғын үйлерде улы газдан уланудың алдын алуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге және үйлерде өрт қауіпсіздігі бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған 78 топ жұмыс атқарып жатқандығы және бүгінгі таңда жұмыс тобымен 6315 үй араланып, 2652 өрт қауіпсіздігінің кемшіліктері анықталды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, мәжілісте газосигнализатор қондырғысын орнату жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.
 
Түркістан облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы