27 4imka cifr 1 Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы өзіннің негізгі мақсатын іске асырып келуде. «Цифрлық Қазақстан» адам өмірінің барлық салаларын қамти отырып, мемлекетіміздің әрбір тұрғынының өмір деңгейін жоғарылатуды көздегендіктен бағдарлама пайдасын халық, кәсіпкерлік субьектілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары көреді. Осындай мүмкіншілікті ТЖ саласындағы мамандар да тиімді пайдаланып келуде.
27 4imka cifr 5 Қазіргі таңда «2ГИС» бағдаламасын пайдаланбайтың адам жоқ шығар. Осы бағдарлама бойынша шымкенттік өрт сөндірушілер де жұмыс жасап, өз қызметтерінде пайдалы ақпараттарды қолданады. Атап айтсақ, бағдарламада Шымкент қаласының толыққанды картасында өрт гидранттары орналасқан орындары белгіленіп, енгізілген. Шұғыл шақырылымдарға шыққан кезде өрт сөндірушілер осы карта бойынша өрт гидранттарын орналасқан жерін қиналмай таба алады. Бұл тиімді цифрлық қызметті жас мамандар әрі қарай жетілдіріп отыр.
Шымкенттегі №3 өрт сөндіру бөлімінде шығармашылық тапқырлығымен ерекше көзге түскен азаматтық қорғау капитаны Роман Письменский қызмет атқарып келуде. Өз жұмысында "MapsMe" қосымшасымен смартфон телефонға «2ГИС» бағдарламасына енгізілген өрт гидранттары туралы ақпаратты енгізген. Айта кететіндей, №3 өрт сөндіру бөлімінің шығу аумағында 496 өрт гидранттары бар. Олардың барлығын арнайы тексеру жұмыстарын жүргізу барысында Роман Письменский телефонға енгізіп, әріптестерінің жұмыс сапасын арттыруға үлес қосып кеулуде. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында халықтың цифрлық білімділігін 83% арттыру жоспарланғандығын есепке алсақ, өрт сөндірушілердің цифрландыруды қарқынды пайдалануы соның дәлелі болып отыр.
 
Шымкент қ.ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы