26 VKO 1 Демалыс және мереке күндері Өскемен қаласына жақын демалу базаларында әдетте демалушылар көп болады. Ал Өскемен – Северное бағыттағы жолда қар көшкіні қауіпті ошақтар көп, олар автожолдың үстіне түсуіне қауіп төндіреді.
Өздігінен қар көшкіннің түсуін болдырмау мақсатында «Қазселезащита» ШҚ филиалы және ШҚО ТЖД-мен аталған автожолдың 32 км.-да қар көшкінін профилактикалық түсіру бойынша жұмыстар жүзеге асырылды.
26 VKO 2 Бір жарылыс жүргізілді, 1100 куб.м жиналған қар түсірілді. Қар көшкіні байрайда тоқтады.
Қазселденқорғау мамандары қар жамылғысын және таудағы қардың жылжуын үнемі қадағалап отырады. Қалың қар басқаннан кейінгі 3-5 тәуліктен кейін қар көшкінінің қауіптілігі туындауы мүмкін, аяздан кейін жылымықта, желдің қатты екпіні кезінде. Осындай кезеңде тауға сапарды тоқтата тұру керек, ал қажет болған жағдайда қар көшкіні болуы мүмкін ошақтар маңайынан көлікпен жүріп өтуден бас тарту керек, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
 
ШҚО ТЖД