25 Atyrau K4S 1 Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы-облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Өмірзахов Сағынбек Сиратұлының төрағалығымен Облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде 4 мәселе:«Мұз тұру және сең жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру мәселесі», «Жаңа жылдық мереке қарсаңында облыс көлемінде пиротехникалық жарылғыш өнімдерді заңсыз сатуға тыйым салу және алдын алу шаралары туралы», «Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау мәселесі» және «Атырау облысындағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді-мекендерінде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру мәселесі мен ағымдағы жылдың жазғы өрт қауіпті кезеңінің қорытындысы туралы» қаралды.
25 Atyrau K4S 2 Бірінші және үшінші мәселе бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлім бастығы Б.Құрманалиев облыстағы мұз тұру және сең жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 118 рейд жүргізіліп, тұрғындарға су айдындарында негізгі қауіпсіздік шаралары туралы 1254 парақшалар мен жадынамалар таратылғандығын. Қазіргі уақытта облыс бойынша «Мұз үстімен жүруге тыйым салынады!» деген 68 белгі орнатылған, әлі жоспарланып отырғаны шамамен 102 дана белгі екенін баяндады.
Сондай-ақ Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау мәселесі туралы Б.Құрманалиев ҚР ІІМ-ның 2014 жылғы 20 мамырдағы №235 «Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіліп жатқан іс-шаралар және облыс көлемінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде және Алматы қаласындағы Республикалық оқу-әдістемелік орталығы азаматтық қорғаудың басшы құрамы мен мамандарын оқыту кезіндегі туындаған мәселерге тоқталды.
Екінші мәселе бойынша Жаңа жылдық мереке қарсаңында облыс көлемінде пиротехникалық жарылғыш өнімдерді заңсыз сатуға тыйым салу және алдын алу шаралары бойынша Атырау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі М. Өтеғалиев жаңа жылдық мейрам күндері қарсаңында азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз әкелу, сақтау, сату және пайдалану фактілерін анықтау мен жолын кесу бойынша ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп атқарылып жатырған іс-шаралар жөнінде баяндама жасады.
Төртінші мәселе бойынша Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Р. Блялов 2019 жылғы өрт қауіпті кезеңде 627 орман және 72 дала өрті, олардан келтірілген залал 580 млн.теңге құрағанын және ағымдағы жылы облыс аумағындағы орманды алқапта 271 мың тг. материалдық шығынмен жалпы ауданы 216 га құраған 8 өрт, дала алқабында жалпы ауданы 1800 га құраған 1 дала өрті және 433,5 га құрайтын 26 өртке жатпайтын жанулар тіркелгенін баяндады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің нұсқауына сай өрт бекеттерін салуды жандандыру үшін 2017 жылы облыс әкімімен 2018-2020 жж. өрт бекеттерін кезеңмен салу жоспарын орындау кезінде жергілікті атқарушы органдардың кемшілктері мен проблемалық мәселелер көтерілді.
Отырыс соңында аталған мәселелер жөнінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу іс-шаралары бойынша қала және аудандардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына комиссия төрағасы тарапынан хаттамалық тапсырмалар берілді.
 
А. Картимова
Атырау облысы ТЖД
Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау
басқармасының аға инженері
азаматтық қорғау майоры