31 Aqtobe PTU 1 Ақтөбе облысы ТЖД өртке қарсы қызметінің гарнизоны азаматтық қорғау полковнигі Ермағамбетов Дамир Мақсотұлының басшылығымен Ақтөбе қаласының «Мега Шығыс» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу жаттығу өткізілді.
Гарнизонның өрт сөндіруші-құтқарушылары халық көп жиналатын жерлерде өртті сөндіру кезінде іс-қимылдарды және бөлімшелермен басқару жұмыстарын ұйымдастырудың әдістерін көрсетті.
Тактикалық жоспарға сәйкес, 2-ші қабаттың 1-ші корпусында киім-кешек павильонынан шартты өрт шығып, қабат бойынша тез таралып, сауда үйінің орталық шығу жолдарын жабу қаупі туындады. Қою түтін және өрттің сауда залдарына ауысу салдарынан көрші секцияларға өте алмай, адамдар өміріне қауіп туындайды. Шартты күрделі № 3 ранг нөмірі берілді.
Шақырту орнына Ақтөбе қаласының өрт сөндіру бөлімдері мен өзара әрекеттесетін мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері жалпы саны 80 адам және 20 дана техника, оның ішінде автосатылар тартылды, міндетті түрде өрт сөндіру жедел штабы жұмыстарын атқарды. Ғимараттың жұмысшы-қызметкерлері мен келушілерді өрт сөндірушілер келгенге дейін сауда үйінің әкімшілігі эвакуациялады.
Оқиға орнына келген Өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілер ғимаратта адамдардың бар-жоғына зерделеу жүргізіп, су көздерін қосымша тексеріп, өрттің таралуы жолдарын анықтады. Ғимаратта бірнеше минут ішінде өртеніп кететін жанғыш материалдардың көп мөлшері бар өрт қауіпті аймақ болып табылады және шартты өртті сөндіруге қиындық тудырады. Осыған байланысты гарнизонның резервтік құрамын жинауды ұйымдастыру және резервтік техниканы қолдану туралы шешім қабылданды. Оқу-жаттығу кезінде құтқарушылар ғимараттан адамдарды эвакуациялау жолдарын пысықтады, өртті сөндіру үшін өрт сөндіру құралдарын жеткізу схемаларын анықтады.
«Бүгінгі жаттығулар адамдардың көп жиналатын және автоматты түрде жоғары дәрежелі шақырту рангісі бар объектте өткізілді. Жалпы, өрт сөндіру бөлімдерінің әрекеттерін уақытылы және дұрыс деп бағалай аламын. Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қойылған міндеттерді орындады » деп - атап өтті өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д. Ермагамбетов - «Бұл объект кездейсоқ таңдалмады, себебі аудандық елді мекендерде үлкен сауда орталықтары жоқ. Біздің міндетіміз - жеке құрамның осы нысандардағы өртті сөндірудің тәжірибесін көрсете отырып, Ақтөбе гарнизонының тактикалық мүмкіндіктерін көрсету».
Жаттығу нақты уақыт режимінде 40 минутқа созылды және және «тоқта» командасынан кейін «Мега-Шығыс» сауда үйі өзінің әдеттегі жұмысын жалғастырды.
 
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы