16 Aqtobe sport 1 Ақтөбе облысының ТЖД өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің арасында қысқы спорт түрлерінен спартакиада өтті. Жарысқа құрамында 76 адам бар 19 команда қатысты.
Спартакиада бағдарламасы төмендегідей:
1,5 км шаңғы жарысы (еркін мәнерде);
4х1500 метрге дейін шаңғы эстафетасы (еркін мәнерде)
Гарнизонда жоспарланған тәртіпте ұйымдастырылған барлық спорт жарыстарының негізгі мақсаты – өрт сөндірушілерге өз мақсаттарына сәйкес міндеттерін орындау, қажетті моральдық және күшті қасиеттерді дамыту, денсаулығын нығайту және ағзаны ұстау үшін қажетті дене шынықтыруды қамтамасыз ету.
16 Aqtobe sport 2 Әрбір спорт жарыстары қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, өрт сөндірушілер мен олардың отбасы мүшелерінің физикалық жаттығу сабақтарына тұрақты қатысуына, дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберліктерін арттыруға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға оң әсер етеді. Ал шыңдалған спортшыларды анықтау – бұл аймақтық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік. Алға ұмтылуға негіз бар!
Жарыс қорытындысы бойынша:
1,5 км шаңғы жарысы (еркін мәнерде);
4х1500 метрге дейін шаңғы эстафетасы (еркін мәнерде).
Жарыс қорытындысы бойынша:
1,5 шақырымдық шаңғы жарысында (жеке көрсеткіштері бойынша):
1 орын Абельханов В. (Жедел құтқару жасағы);
2 орын Жусупов Айболат (№1 МӨСБ);
3 орын Миров А. (Жедел құтқару жасағы) иеленді.
1,5 шақырымдық шаңғы жарысында(жалпы командалы көрсеткіштері бойынша):
1 орын Жедел құтқару жасағы (Ақтөбе қаласы) командасы;
2 орын №1 МӨСБ (Ақтөбе қаласы) командасы;
3 орын №8 ӨСБ (Мұғалжар ауданы) командасы иеленді.
4х15 шақырым шаңғы жарысы бойынша:
1 орын №8 ӨСБ (Мұғалжар ауданы) командасы;
2 орын Жедел құтқару жасағы (Ақтөбе қаласы) командасы;
3 орын №5 ӨСБ (Ақтөбе қаласы) командасы иеленді.
Жалпы командалық орындар бойынша:
1 орын Жедел құтқару жасағы (Ақтөбе қаласы) командасы;
2 орын №8 ӨСБ (Мұғалжар ауданы) командасы;
3 орын №5 ӨСБ (Ақтөбе қаласы) командасы иеленді.
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды.
 
Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы