28 ZKO 1 2020 жылғы 13 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы ТЖД бас маманы азаматтық қорғау капитаны Н. Мусиев облыс мектептері оқушыларының қатысуымен онлайн режимде «Балалардың отпен ойнауы» тақырыбында интерактивтік сабақ өткізді. Сабақта облысымыздың 36 білім мекемесінің 1240 оқушысы қамтылды. Интерактивтік сабақта өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау ережелері слайдтық материалдар арқылы түсіндірілді.
28 ZKO 2 Азаматтық қорғау қызметкерлерінің алдарына қойылатын міндеттердің бірі - ол адамдардың өз қауіпсіздігіне деген қарым - қатынасы мен түсінігін өзгерту, ал балалық шақ нағыз ТЖ кезіндегі іс-әрекет ережелерін дағдыланудың тиімді шағы. Электр қауіпсіздігі ережелеріне, су көздерінің жанында ойындарға жол берілмеуіне және тұрғындарды эвакуациялау кезінде пайда болуы мүмкін заттардың минималды жиынтығына ерекше назар аударылады.
Аталған тақырыптағы сабақты төтенше жағдай қызметкерлері жыл сайын жоспарға сәйкес өткізіп келеді. Мұнымен қоса, мектеп оқушыларына таныстыру және насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты жөнінде айтылды. Сабақ соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кәсіби тұрғыдан жауап берілді.
 
БҚО ТЖД ЗҚА және АҚСББ