24 Turkestan TV 2020 жылдың 18 наурыз күні «НарТВ» телеарнасында «Ашық әңгіме» бағдарламасына Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры А. Тулепбергенов қатысты.
Тікелей эфирдің мақсаты – бұл облыс тұрғындарын кез-келген төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-әрекетке дайындау, хабардар ету.
Бағдарлама барысында қызметкер «Көктемгі су басу қауіпті кезеңі», «Дармен мобильдік қосымшасы», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Улы газбен уланудың алдын алу» тақырыптарында сұхбат берді.
Сонымен қатар сұхбат кезінде тележүргізуші төтенше жағдай қызметкеріне көптеген сұрақтар қойып, сұрақтарға нақты жауаптар алынды.
 
Түркістан облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы