Барлығына белгілі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID -19 жаңа коронавирусты жариялауына байланысты ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап Қазақстанда оқушылар демалысқа жіберілген болатын.
Тұрғын үй секторында өрттердін алдын алу мақсатында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаменті демалыс уақытында «Facebook, Instagram, ВК, желілері және жергілікті бұқаралық ақпарат сайттары» арқылы «тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі», «Балалардың отпен ойнауы» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
Барша ата-аналар балалардың өрт кезінде бұл ережелерге көңіл аударуын бақылау қажет: өрт кезінде үйде немесе пәтерде қалмау керек, шкафтарда, қоймаларда, төсек астында тығылуға болмайды; өртті өздігінен сөндіруге талпынбауға; мүлікті сақтай отырып өмірін тәуекелге қоймауға; терезе мен есіктерді айқара ашпауға; су құбырларымен, жіппен түспеуге; жоғары қабаттағы терезеден секірмеуге; егер өрт пәтер сыртында болса, түтін басқан баспалдақпен шықпауға; лифтті пайдаланбау жөнінде түсіндірілді.
Әрбір адам өрт сөндірушілерді шақыра алатын «101» және «112» телефон нөмірлерін білуі тиіс. Ең бастысы, Сіздің бүлдіршін жастағы балаларыңыз білуі тиіс: өрт қауіпсіздігінің қатаң ережелерін, отпен ойнауда әкелетін салдарлардың болдырмауын. Бұл әрбір отбасының міндеті мен парызы.
Тұрғын үй секторында өрттерді алдын алу және адамдардық қайтыс болуларын болдырмау мақсатында Департаменттің қызметкерлерімен үгіттеу-алдын алу жұмыстары ары қарай жалғастырылады
 
Маңғыстау облысы ТЖД Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және
азматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы