32 Kostanai TV «АЛАУ ТВ» облыстық телеарнасының тікелей эфирінде «Көкейтесті сұхбат» күнделікті бағдарламасында Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы АҚ тобының офицері майор Құрманғазы Тәуекелов сөз сөйледі.
Бағдарлама жүргізушісі-редактор Мәдина Бултаеваның сұрақтарына жауап бере отырып, ол Қостанай облысының аумағындағы алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы айтты. Су тасқынына қарсы іс-шаралар облыстың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен тығыз қарым-қатынаста, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою құзыретіне кіретін мемлекеттік мекемелердің қатысуымен жүргізілетінін атап өтті.
Майор Құрманғазы Тауекелов телекөрермендерге адамдардың қаза болуының алдын алу, әкімшілік аумақтағы елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің су басуының алдын алу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны, су тасқыны кезеңінде қандай елді мекендер су басуға ұшырайтындары туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, көктемгі су тасқынына дайындық кезеңдерінің бірі ретінде облыс аумағында а.ж. 25-26 ақпан аралығында «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. РКШОЖ басшылығының облыстық штабы Қостанайда орналасқан. Осы кезеңде Қостанай облысының Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесіне көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.
Бағдарлама соңында ТЖД өкілі облыс тұрғындарына көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауға және төтенше жағдайларды болдырмау және жою бойынша уақытылы шаралар қабылдауға тілек білдірді.
 
Қостанай облысының ТЖД
Ішкі және сыртқы
коммуникациялар тобы