29 Aqmola OPP 1 Ақмола облысында Біржан сал ауданының Бірсуат ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды,ол өз жұмысын "Баймырза Агро" ЖШС шаруашылық субъектісі базасында жүзеге асырады. Айта кету керек, бұл Ақмола облысындағы 29 өрт сөндіру бекеті. Өрт сөндіру бекеті Бірсуат, Мамай, Заурал ауылдық округтерінің елді мекендерін, сондай-ақ орманды дала алқаптарын өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.
29 Aqmola OPP 2 Өрт сөндіру бекетінің ашылуына Біржан сал ауданының әкімі Ермек Бекенұлы Нұғманов, Ақмола облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов, "811" Қазақстан Инжиниринг автожөндеу зауыты" АҚ өкілі, "Баймырза Агро"ЖШС бас директоры қатысты.
29 Aqmola OPP 3 Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гаражбен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Өрт сөндіру автокөлігі кезекшілікте тұр,сондай-ақ тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікке ауыл тұрғындары қатарынан 4 адамнан тұратын күзет орнының жеке құрамы жұмыс істейді. Жеке құраммен Степняк қ. 21-ӨСБ базасында оқу өткізілді.
Жаңадан құрылған команда жануға шығып қана қоймай, олардың жауапкершілік аймағында болып жатқан басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді және елді мекендер тұрғындары арасында үгіт-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
 
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі