33 SKO okna 1 Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері халыққа, әсіресе ата-аналарға балалардың терезеден құлап кетуі фактілеріне жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғын үй аулаларын аралау, көп пәтерлі, биік үйлердің кіреберістерінде ақпараттық стендтер мен жадынамалар тарату арқылы алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Айта кету керек, өткен жылы 4 оқиға тіркелген.
33 SKO okna 2 Осыған байланысты, ТЖ департаменті балаларды қорғау үшін мына шараларды қабылдауды ұсынады:
- үйде бала болса, терезені ашық қалдырмау;
- москит торларын терезеге тиісті қорғаусыз қолданбау - балалар сенімді тірек ретінде қабылдай отырып, оларға сүйенуді жақсы көреді;
- баланы, әсіресе терезелердің, балкондардың және шыны есіктердің жанында ойнайтын баланы қараусыз қалдырмау;
- бала терезеге көтеріліп, төмен құламау үшін жиһазды терезеге жақын қоймаңыз;
- балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйрету. Үлкен балаларды кішілерге қарауға үйрету.
СҚО ТЖ департаменті терезе ойықтарына терезенің толық ашылуына кедергі келтіретін тыйым салатын құлыптарды немесе шектеу құрылғыларын орнатуды ұсынады.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Төтенше жағдайлар департаменті
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы