Жыл сайын күн жылына бастағанда көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалалардың құлау фактісінің орын алатыны ерекше алаңдаушылық туғызады. Терезеден абайсызда құлау қаупі бар, ересектердің бақылуынан тыс қалатындар көбінесе 1 жастан 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді құрайды.
Жыл басынан бері облыста 2 терезеден құлау жазатайым оқиғасы орын алуынан балалар дене жарақаттарын алды.
Балалардың ата-ананың бақылауынсыз қалуы, терезелердің темірмен қоршалмауы, москитті тордың осал бекітілуі және балалардың терезе алдында ойнауы терезеден құлаудың басты себептерінің болып табылады.
Балалар қауіпсіздігін сақтау, терезеден құлау жағдайын болдырмау, алдын алу мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар жарық көруде.
Көпқабатты үйлердің подъездерінің есіктеріне балалардың терезеден құлауын болдырмау мақсатындағы жадынамалар ілінді.
Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің терезелеріне балаларды қорғайтын арнайы құралдарды орнату жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
- терезелерді ашық қалдырмаңыз;
- баланы қараусыз қалдырмаңыз;
- тиісті қорғағышы жоқ москит торын пайдаланбаңыз;
- терезелерге бекіткіштерді орнатыңыз (блокираторлар немесе терезе құлыптары);
- терезенің маңына жиһаз қоймаңыз.
Абай болыңыз және сақ болыңыз! Есіңізде болсын, балалардың үйдегі қауіпсіздігіне бірінші кезекте ата-аналар жауап береді.
 
Қызылорда облысының ТЖД
Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы
азаматтық қорғау майоры
А. Сермағамбетова