Азаматтық қорғау саласы бойынша "Сас-ТобеТехнолоджис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, құтқару, санитарлық топтарының, өрт сөндіру бөлімдерінің техникаларының қатыстырылуымен кешенді оқу-жаттығу өтті. Өткізілген оқу-жаттығудың негізгі мақсаты-шаруашылық нысандардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға әзірлігін,ерікті өрт жасақтары мүшелерінің жиналуы мен құлақтандыру тәртібін, техника мен құрылғылардың дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығулар оттың жайылмауына, яғни өртті бастапқы деңгейінде жоюға машықтайды. Осындай оқу-жаттығуды өткізу ықтимал өрттерді жою кезінде  күштер мен құралдарға жедел ден қоюларына мүмкіндік береді.
Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша барлық жоспарланған іс-әрекеттер нақты және өз уақытында пысықталды. Жаттығу соңында төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бахтыбек Әзімбаев  сөз сөйлеп, осындай оқу-жаттығулардың маңыздылығын түсіндіріп өтті.
Сандуғаш Лесбек
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы