spas_akmol_1

Салауатты өмір салтын насихаттау, оқитын жастарды тәрбиелеу және жұмыспен қамту, балаларды түрлі шұғыл жайдайларда әрекет ету дағдыларын үйрету мақсатында, Егіндікөл ауданы білім беру ұйымдарының арасында өрттен құтқару спорты бойынша «Жас құтқарушылар» командаларының жарысы өткізіліп, оған балалар белсене қатысты.
Жарысқа Егіндікөл ауданы «Жас құтқарушыларының» 7 командасы қатысты. Жарыс бағдарламасы келесі кезеңдерден құрылды:
- «Жас құтқарушылардың» сапқа тұруы, формасы және есебі;
- өрт сөндірушінің әскери киімі мен экипировкаларын кию;
- эстафета, әскери жұмылдыру.
Жарыс қорытындысы бойынша І-орын «№ 1 Егіндікөл ОМ» КММ «Жас құтқарушылар командасына», ІІ-орын «№ 2 Егіндікөл ОМ» КММ «Жас құтқарушылар командасына», ІІІ-орын Днепропетров ОМ» КММ «Жас құтқарушылар командасына» берілді. Жарыс жеңімпаздары грамоталар, бағалы сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ «Ушаков ОМ» КММ оқушысы Баковец Манат өрттен құтқару спортындағы жеңіске тырысу еркі үшін грамота мен «Жас құтқарушы» жүлдесімен марапатталды.
Одан басқа, барлық жарысқа қатысушылар мен әскери жетекшілерге жұбаныш жүлдесі табыс етілді.
Жарыс өткізу кезінде балаларға дабыл және шартты өрт сөндіру бойынша шығу көрсетілді, сонымен қатар «Құтқарушы болу – мақтаныш» тақырыбына және ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге үгіт жұмыстары жүргізілді.
 
Ақмола облысы ТЖД
Егіндікөл ауданының ТЖБ