Біздің бүгінгі әңгімелесушіміздің жұмысы адамдар төтенше жағдайдың тұтқыны болып қалған кезде, олардың өміріне тікелей кәсіби көмек қажет болғанда нақты көмек көрсетумен байланысты. Төтенше жағдай жүйесі қатарында 10 жылдан артық еңбек ететін, медициналық қызметтің қызметкері Бурмашов Игорь Викторовичтің арқасында бірнеше адамның өмірі құтқарылды және кәсіби көмек көрсетілді. Біресе өртте зардап шеккенге көмек көрсетеді, біресе ЖКО түскен жүргізуші тірілтеді, немесе есінен танған адамның есін жинатады.
-Медицина саласындағы сіздің алғашқы қадамыңыз неден басталды? Және неліктен ТЖ қатарындағы қызметті таңдадыңыз?
- Томск медициналық институтын «Анестезиолог және реаниматолог» мамандығы бойынша бітірдім. Институттың 4 курсын бітірген соң, медициналық академияға түсіп, әскери дәрігер болғым келді, бірақта жағдайға байланысты денсаулық сақтаудың аналар мен балаларды қорғау саласында жұмыс істедім. 2003 жылы өрт сөндіру қызметінде медициналық қызмет құрылатынын білдім. Арыз беріп, осы салада жұмыс істей бастадым, әскери дәрігер болам деген арманым орындалды десе де болады, өйткені төтенше жағдай қызметіндегі жұмыс менің қойған мақсатыма өте жақын. Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегі жұмыс – менің дәрігерлік қызметімдегі және жәй өмірімдегі сияқты бөлек кезең. Қызметтегі 13 жыл ішінде көп нәрсе өзгерді, бірақта менің кәсібім адамдарға көмек көрсету ісінде сондай қажет екендігін мен жақсы сезінемін.  Мен бірнеше рет әртүрлі іссапарларға шығамын – қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және егерде зардап шегушіге көмек қажет болса бұл  әртүрлі суайдындар мен таулы-тайгалы жерлер. Бірақта негізінен тұншықтырғыш газбен уланған және күйік шалған адамдарға медициналық көмек көрсетуге, өрттерге шығуға тура келеді. Бүгінгі күні біз ауруханаға жеткізуге дейін тиісті деңгейде реанимациялық іс-шаралар өткізу үшін барлық қажетті құралдарды қолданамыз. Одан басқа, біздің қызметкерлер тұрақты түрде алған білімдері мен машықтарын бекітеді және кеңейтеді.
- Сіз, жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін адамды өмірге қайта келтіріп, құтқарған жағдайларыңыз туралы айтсаңыз?
- Оқиғалар өте көп, бәрі есте қала бермейді, оның ішінде үсу, және күн өту, құрғау, қысымның түсуі, кең көлемде күю және т.б. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында  біздің қызметте әртүрлі оқиғаға 56 шығу болды, өрттерде - 2 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетілді, жарыстар мен іс-шараларды медициналық  алып жүруге 5 шығу жүзеге асырылды, жеке құрамнан медициналық көмек сұраған 694 үндеу қабылданды. Біздің қызметтің медицина қызметкерлерімен бірнеше рет әртүрлі ұйымдарда медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар өткізіледі.
- Сіз қалай деп есептейсіз, ТЖ қызметінде дәрігер қандай қасиетке ие болу керек?
- Оқиға орнына келген соң дәрігердің жағдайды анықтауы, алғашқы медициналық көмек көрсетуі үшін қас қағым ғана сәті болады. Жұмыста мынандай қасиеттер маңызды: адамдарға көмек көрсету, уайымдау сезімі, шұғыл қимылдау, жауапкершілік, ұқыптылық, күйзеліске төзімділік, командада жұмыс істей білу. Бірақта ең бастысы – шұғыл көмек көлемін болжай және жағдайға тез назар аудара білу. Тез арада кімге нақты алғашқы көмек қажеттігін анықтай білу.
- Сіз, қатты эмоционалды-психологиялық жағдайға ұшыраған адамды күйзелістен шығару үшін қалай күресесіз?  
- ТЖ аймағында болғанда, адамдар қатты эмоционалды уайымға  және психологиялық жағдай мен өзін ұстаудың ұзақ бұзылуына  әкелетін, қолайсыз әсерге ұшырайды. Зардап шеккен кімде-кімнің денесі жараланды, кімде –кім жақынын, мүлкін жоғалтты, кейбіреулер қайғылы оқиғаға қандай да болса деңгейде қатысты (көрді, естіді және т.б.). Көмек жағдайдың спецификалық сипатына қарай байланысты болады. Бірақта сіз адамға бұл жерде көмектесу үшін жүргеніңізді түсіндіру өте маңызды.
- Күнделікті ауыр жұмыс күнінен кейін сіз қалай қалыпқа келе аласыз?
- Мүмкіндігінше, жұмыстан демалған кезде, өзім барынша ұмытуға тырысам – спортпен айналысам, өзімнің хоббиімді жетілдірем және кеңейтем – балық аулау мен аңшылықты жақсы көрем. Табиғатта жиі болуға және жаңа таныстар табуға тырысам.
- Жеке өміріңізде дәрігердің ерекше жұмысы қалай әсер етеді?
- Мүмкін, бізде қарапайым адамдардағы сияқты емес, жеңілойлылық аз шығар,  біз бірнеше міндетті ережелерді қатаң сақтаймыз: қайнатылмаған суды ішпейміз, сақтық шараларын сақтаймыз, салауатты өмір салтын ұстанамыз, кененің шағуын болдырмау үшін шаралар қабылдаймыз, әрине, ешқашанда қолымызды жууды ұмытпаймыз және т.б., өйткені мұның барлығының неге әкеп соқтыратынын білеміз. Біздің жұмысымыз тек бізге ғана емес біздің отбасымыздың мүшелеріне де әсерін тигізеді – олар осы жағдайда өмір сүреді ғой және де бәрін естиді, түсінеді.
- Айналада ыстық жаз, аптап ыстықтан өз өмірін қалай сақтап қалуға бірнеше кәсіби кеңес берсеңіз?
- Күн астында 15-20 минут болған соң, суда 5-10 минут болу керек. Одан соң  «күннің тікелей сәулесінен қорғану қажет». Ыстық күнде ешқашанда ішімдік ішуге болмайды. Газсызданған су ішкен дұрыс. Ал мұндай ауа-райында сүтті тағамдардан бас тартқан дұрыс.   Ыстықта олар тез бұзылады. Демалыс күндері суайдындарда демалатындар көп болады, оларға ерекше өтініш: мүмкіндігінше ашық күнде азырақ болу, көшеге сағат 12-ге дейін немесе сағат 16-дан кейін шығу; ал сағат 12-ден 16-ға дейін жайда болған дұрыс.  Ал өтініштен басқа, тағы бір кеңес - өзіңмен бірге су қорын және күннің тікелей сәулесінен салонды қорғау үшін жарықшағылыстырғыш экран алу керек. Шомылған кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек: шектеулі белгілерден ары жүзуге болмайды, белгісіз орындарда сүңгуге болмайды- түбінде батқан ағаш және тас болуы мүмкін, егерде суға шомылған кезде сіздің бұлшық еттеріңіз тартылып қалса, арқаға жатып, жағаға қарай жүзіңіз, және де тартылған жеріңізді уқалауға тырысыңыз, көмекке шақыруға ұялмаңыз.
Өскемен қ. ТЖБ