33 Jambyl Spasateli 1 Шомылу маусымы кезінде судағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «ҚР ІІМ ТЖК Жамбыл облысы ТЖД Жедел- құтқару жасағы» ММ-не қоғамдық жұмысшыларды қоғамдық құтқару бекеттері үшін құтқарушы-жасақшыларды даярлауға жібереді. Оқуға судағы жұмысқа денсаулығы жағынан рұқсат етілген, жақсы жүзе білетін тұлғалар жұмылдырылады.

34 PVLDr Bayan 1 Павлодар облысының құтқарушылары суға шомылу маусымының ашылуына Баянауыл ауданының Жасыбай және Сабындыкөл көлдерінің түбін тексеруді аяқтады. Бұдан басқа облыстың төрт ауылдық ауданындағы су қоймалары тексерілді.
Бұл жауапты жұмысты Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері орындады.

35 PVLDr 4S Павлодар облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Ерғанат Аққозинов облыстық «Ертіс» телеарнасының тікелей эфиріне қатысты. Спикер көрермендерге жүгіне отырып, қай кезде қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыратын қарапайым қауіпсіздік ережелерін еске салды.
Суда қаза болудың негізгі бөлігі жазғы айларда, мысалы, 2018 жылы болған 26 жазатайым оқиғадан 24-і маусым мен тамыз аралығында болды.