atyr sorevn 1 2019 жылғы 16 тамызда спорт шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын және спортты насихаттау мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р. Б. Бляловтың төрағалығымен Конституция күніне арналған спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

UBuLzs8rBcw Атырау облысы ТЖ департаметі ағымдағы жылдың 15 тамыз - 15 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілетінін хабарлайды.
Атырау облысы азаматтық қорғау қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кенттердің және ауылдық округтердің тұрғындарымен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын және өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттерді түсіндіру, өртке қарсы нұсқамаларды өткізу, жадынамалар мен парақшаларды тапсыру бойынша жиындар мен жиналыстар өткізіледі.

en shug 1 Ақтөбе қаласы ТЖБ қызметкерлері жазғы балалар лагерлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ақпараттық жұмысты жалғастыруда. Бұл жолы қызметкерлер «Энергетик-Шұғыла» балалар сауықтыру лагеріне барды, онда қала және аудан мектептерінің оқушылары, сондай-ақ Қызылорда облысы, Арыс қаласынан келген балалар жазғы демалысын өткізуде.