37 Mang ZERDE 1 Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында «Zerde» білім беру орталығының тәрбиеленушілеріне ашық есік күнін өткізді.
Өрт сөндіруші мамандығы – әлемдегі ең күрделі, қауіпті мамандық.

2019 жылғы 15 маусымда облыс әкімі О.Оразалин Ақтөбе қаласының әкімі И.Испановпен, Ақтөбе облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Сыздықовпен бірге Өңірлік оқыту орталығына барды.
Сапар барысында олар материалдық-техникалық базамен, оқу процесімен және жалпы орталықтың жұмысымен танысты.

38 PVLDrKup sez Павлодар облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов «Халық радиосының» «Айқын» жобасына қатысты. Серік Мүбәракұлы радиотыңдармандарға судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері туралы айтып берді.
«Су айдындарында адамдардың қаза болуының басым бөлігі жаз мезгілінде келеді. Жазатайым оқиғалардың негізгі бөлігі 80%-ға жуық мас күйінде адамдардың шомылуына байланысты болады.